Қайта жанданған Olimpbet Қазақстан чемпионатының кезекті турында «Тараз» командасы қызылордалық «Қайсар» командасымен кездесіп, матч 1:1 есебімен аяқталды.

Жамбылдықтар ойынды сақтықтықпен бастап, қорғаныста қателік жібермеуге тырысты. Дегенмен, шабуыл шебінде жақсы ойын өрнегін қалыптастырып, қарсылас қақпасын бірнеше мәрте нысанаға алуға тырысты. Тіпті есепті бірінші ашуға болатын мүмкіндіктер болды. Сондай қауіпті сәттің бірін «тараздық» Братислав Пуношевац тепкен айып соққысында орын алды. Алайда, қақпашы мүмкін болған голдан құтқарды. Сосын Мақсат Әмірхановтан тамаша пас алған Абзал Таубайдың да соққысы қауіпті шықты. Бірақ дәлдік жетіспеді. Ал Тони Сильваның әдемі пасына әріптестері жете алмады.

Алаң иелері де бірнеше мәрте өткір шабуылдар ұйымдастырып, нәтижесінде Думан Нарзилдаев орындаған айып соққысынан есеп ашты. Ал ойынның екінші бөлігінде «тараздық» Тони Сильва ойынды өз қолына алып, 25 метр қашықтықтан қақпаны нысанаға алып, «Қайсар» қақпашысын қапыда қалдырды. Одан соң да қос ұжымда да гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен, қақпа кілтін таба алмады. Осылайша, тараптар тең тарқасты.

ҚПЛ-дің 3 турынан кейін «Тараз» 4 ұпаймен турнир кестесінің 6-шы сатысында тұр. Жамбылдық клуб келесі кездесуін 5 шілде күні  өткізеді. Өз алаңында «Қыылжар» клубын қабылдауы тиіс.

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

03/12/2020 | Көргендер саны:44 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

КӨҢІЛ АЙТУ

«Тараз» футбол клубы футбол ардагері Амангелді Нұрымбетовтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

02/12/2020 | Көргендер саны:84 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Тараз» ҚПЛ-дің қос чемпионын қапы қалдырды

«Тараз» биыл ҚПЛ-дің қос чемпионын да қапы қалдырды. «Астана» мен «Қайратты» жеңген жамбылдық команда біріншілік қорытындысы бойынша турнир кестесінде сегізінші орынға тұрақтады.

22/10/2020 | Көргендер саны:81 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джорахон Бабаханов: Командадан, барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

22/10/2020 | Көргендер саны:74 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАҢЫЗДЫ МАТЧТА КЕТКЕН ЕСЕ

Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2021 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"