OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының екінші турында "Тараз" өз алаңында "Ордабасыны" қабылдап, 3:2 есебімен қиын жеңіске жетті.

 

Алаң иелері құрамында қиындықтар орын алды, біршама легионер жарақат алып қалды. Алғашқы минуттан жергілікті бес ойыншы алаңға шығып, жеңіске көп үлесін қосты. Көпшілік күткендей, алаң иелері тас-қамал қорғанысқа кетпей, қарсыласқа алаңның әр бұрышында төтеп берді. Допқа иелік етіп, мұқият шабуыл жасаған тараздықтар көп ұзамай есеп ашты. Тони Сильваның айып алаңына асырған добын Александр Симчевич өз қақпасына кіргізіп алды — есеп 1:0.

Бірінші таймның өзінде алаң иелері екінші голын соқты. Тони Сильваның бұрыштамадан допты көтеріп еді, тағы автогол орын алды — Александр Клещенко допты өз еншісіне жазды, 2:0.

Екінші таймның басында Тони Сильваның жойқын соққысы қақпа бағанына тиіп, кейін серпілген допты Абзал Таубай қақпаға енгізіп, есепті 3:0-ге жеткізді.

Дегенмен, қонақтар есепке қарамастан, үлкен күшпен алға ұмтылды. Көп ұзамай Михаил Мищенконың қолына доп тиіп, төреші пенальти белгіледі. Абдулай Диакатенің добын Джурахон Бабаханов қайтарғандай болып еді, бірақ сызықтан асып, қақпаға кірді — 3:1.

Араға уақыт салып, екінші пенальти орын алды — Мищенко қарсыласты шалып шығып, қызыл қағаз алды, Диакате Бабахановтан айласын асырды.

Дегенмен, тараздықтар жеңісті есепті ұстап тұра алды. 3:2 — "Тараздың" жоспарланбаған үзіліс алдындағы маңызды жеңісі.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:23 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

13/09/2020 | Көргендер саны:15 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Валерий Каршакевич: Өкініштісі - соңғы минутта гол жіберу. Бұл бізге сабақ болады

"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"