«Тараз» клубының ұжымы елімізді әбігерге салған әлемдік пандемиямен күресіп жатқан дәрігерлер мен медицина саласының барлық қызметкерлеріне құрметпен қарап, адам жанын арашалаудағы істеріне бас иеді. Күн-түн демей күзетіп, сырқаттанған жандардың жанынан табылып, жәрдем жасауы қандай құрметке болса да лайық.

 

Бүгін футбол клубының әкімшілік құрамы мен ойыншылары коронавирус жұқтырғандар мен пневмониямен ауырып жатқан жандарды емдеп жүрген инфекционды стационардағы 100 медицина маманына түскі асқа арнап тамақ пен жеміс-жидек жеткізді. Клуб басшысы Талғат Тұрлыбайұлы: -Қауіпті инфекциямен күресте ерлік танытып, алғы шепте жүрген дәрігерлерге деген шынайы құрметімізді білдіргіміз келеді. Бастысы ол жандарға рухани демеу көрсету. Біз, қарапайым азаматтар дәрігерлермен бірге екенімізді, олардың ісі ерлікке пара пар екенін көрсету, - дейді.

Бұл игі іс Жамбыл облысы әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт басқармасының үгіт насихат жұмысының нәтижесі.

«Тараз» футбол клубының басшылығы шетелден 5 дана ИВЛ аппаратына тапсырыс беріліп қойғанын айтты. Алдағы уақытта жеткізілмек. Айта кету керек, футбол клубының қызметкерлері мен футболшылары өздерінің жеке қаражаты есебінен демеушілік танытты.

Еске салайық, пандемия кезеңінде бүгінде Жамбыл облысында үш дәрігер пневмониямен ауырып, қайтыс болды. Футбол клубы қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына қайғысына ортақ болып, көңіл айтады.


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

02/12/2020 | Көргендер саны:0 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Тараз» ҚПЛ-дің қос чемпионын қапы қалдырды

«Тараз» биыл ҚПЛ-дің қос чемпионын да қапы қалдырды. «Астана» мен «Қайратты» жеңген жамбылдық команда біріншілік қорытындысы бойынша турнир кестесінде сегізінші орынға тұрақтады.

22/10/2020 | Көргендер саны:47 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джорахон Бабаханов: Командадан, барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

22/10/2020 | Көргендер саны:40 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАҢЫЗДЫ МАТЧТА КЕТКЕН ЕСЕ

Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

28/09/2020 | Көргендер саны:125 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" бас бапкері Владимир Никитенко "Тобылмен" өткен матч туралы пікір білдірді

-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"