«Тараз» футбол клубының ойыншылары Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Гафуржан Сүйімбаевтың Беларусия құрамасымен өткен сәтсіз ойынына түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуге шақырды.

 

«Қадірлі футбол жанкүйерлері! Ұлттық құрама ойыншысы Гафуржан Сүйімбаевтың жағдайына түсіністікпен қарауға шақырамыз. Беларусия құрамасына қарсы ойында жіберілген қателік ойындағы сәтсіз эпизод болып табылады. Футболда мұндай жағдайларға тіпті ұлы ойыншылар да тап болып, спорттың барлық түрі бойынша әлемдік лигаларда орын алып жатады. Бірақ шексіз сынай беруге себеп емес. Гафуржан Сүйімбаев ұлттық құрама сапында өз орнын лайықты алған және ойын мәнері қалыптасып, өзінің пайдалы ойыншы екендігін дәлелдеп келеді. Литвамен болған матчта қапталмен допты алып өтіп, бірінші гол соғылатын сәтте Бауыржан Исламханға әдемі пас жеткізген осы Гафуржан болатын. Одан кейін Сиргедастың соққысына тосқауыл болып, есепті теңестіріп кететін жағдайдан аман алып қалды. Өзге де сәттерде жақсы ойнап, ұлттық құраманың жеңісіне айтарлықтай өз үлесін қосты!

Құрметті футбол жанкүйерлері! Гафуржанға қатысты пікірлеріңіз ұлттық құрамаға деген жанашырлықпен және эмоцияға беріліп айтылып жатыр деп түсінеміз. Дегенмен шынайы түсіністікпен қабылдап, қолдау білдіруге шақырамыз! Ұлттық құрамалар кездесулерінде оңай ойындар болмайды. Европалық деңгейдегі шеберлігі толысып жатқан командалармен ойнауға туралы келеді. Мұндай матчтарда жүйке сыр беріп жатады. Бірақ әрбір футболшы ұлттық құрамада үлкен жауапкершілік барын жете сезінеді және жетістікке жету үшін барлық күшті жұмсайды.

Барлығымыз бірлігімізді көрсетіп, Гафуржанды және Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау жасайық! Біздің құрамаға әлі Ұлттар лигасы турнирінде өз тобында бірінші орынға таласады!

Құрметпен, «Тараз» футбол клубының бапкерлік құрамы мен ойыншылары


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/10/2020 | Көргендер саны:10 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джорахон Бабаханов: Командадан, барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

22/10/2020 | Көргендер саны:10 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАҢЫЗДЫ МАТЧТА КЕТКЕН ЕСЕ

Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

28/09/2020 | Көргендер саны:66 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" бас бапкері Владимир Никитенко "Тобылмен" өткен матч туралы пікір білдірді

-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

20/09/2020 | Көргендер саны:62 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"