-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?
-Ойын тартысты өтті. Біздің командада соңғы турдан кейін қалыпқа келу үшін екі-ақ күн болды. Бұл қарсылас команданың соңғы турдан кейінгі үзілісінен аз. Бірақ жалпы алғанда ойын қарқынына төзе білдік. Дегенмен әуедегі допқа таласта соңғы 10 минут ауыр өтті.
Бірінші таймда позициялық күрес көп болса, кездесудің екінші бөлігінде қарсалас қақпасы маңында төрт қауіпті сәт жасалды. Өкінішке қарай, гол соға алмадық, тіпті қақпамызға доп өткізіп алуымыз да мүмкін еді.
Иә, біз өзіміздің жақсы әрі нашар тұстарымыздың қандай екенін білеміз. Солардан шешім шығарып, келесі кездесулерге дайындалатын боламыз.
-Нақты қандай нашар тұстар туралы айтасыз?
-Ең әуелі шабуылды аяқтау мәселесі. Статистика бойынша қақпаға қарай соққы бағыттауда 16-11 біздің пайдамызда. Оның үстіне бірінші таймда біздің үстемдігіміз көп болды. Солай бола тұра мүмкіндіктерді голға айналдыра алмай жатырмыз. Мұндай ойындар бізде бірінші рет емес. Осы бойынша жұмыс жасаймыз.
"Тараз" КФК баспасөз қызметі