"Тараздың" легионері Instat сараптамалық компаниясының тұжырымы бойынша ел біріншілігінің екі турындағы үздік ойыншы атанды. Алаңда көп қызмет атқарып, "Ордабасы" қақпасына соғылған үш голға да зор үлесін қосты. Ол бүгін клубтың баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап бермек.

-Тони, футболды сағынған шығарсыз?

-Әрине, сағынып үлгердім. Қазір барлық сақтық шаралары сақталған топтық жұмыстар басталды, оның өзі қуанышты. Дегенмен, ресми матчқа қатысуға асықпын. Мұндай сезімді барлық команда мүшелері өткеруде деп ойлаймын.

-Қазақстан чемпионаты жайында ой қорытып үлгердіңіз. Команда неге қауқарлы?

-Осы ойынмен 7-8 орындарға тұрақтаймыз деп ойлаймын, мүмкін одан да жоғары. Бастысы — бабымызды жоғалтпай, "Қайрат" пен "Ордабасыға" қарсы матчтағыдай қарсыласқа әл-ауқатымызды көрсетуіміз керек.

-Отаныңызда сіздің ойындарыңызды қарайды ма?

-Әрине, әсіресе, менің отбасым бақылап, рухани көмек көрсетіп отырады.

-Сіздің еліңізде коронавирус жағдайы алаңдатарлық па?

-Әлбетте, бұл жерге қарағанда, Португалияда барлығы қиын. Тағы бір ыңғайсыздық тудыратыны — барлық жердегі карантин мен шектеулерге байланысты, жаңа туған қызымды әлі көрмедім. Бұның барлығы жақын арада аяқталып, әлем бұрынғысынша өмір сүре бастайды деп сенемін.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

30/06/2020 | Көргендер саны:28 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Тараз» Европа лигасына қатысатын командамен кездеседі

«Қайсар» - «Тараз»: матч алдында

19/06/2020 | Көргендер саны:128 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

19 маусым – Халықаралық балалар футболы күні

Барлық жасөспірімдерді Халықаралық балалар футболы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

10/06/2020 | Көргендер саны:51 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Таразда" жаңа басшы

"Тараз" КФК жаңа басшысы болып ресми түрде Талғат Тұрлыбайұлы тағайындалды. Ол осыған дейін клубты сәтті басқарған. 2012 жылы тараздықтар бірнеше жыл төменгі орындар иемденгеннен кейін, төртінші сатыға жайғасқан. Талғат Тұрлыбайұлына бұл қызметінде сәттілік тілейміз!

22/05/2020 | Көргендер саны:76 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Аюб Бацуев: Футболды қатты сағындым

"Тараз" ойыншысы карантин мен команданың мақсаты туралы

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"