Ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы ойындарына байланысты орын алған үзілістен соң Olimpbet чемпионат қайта жалғасады. Бүгін «Тараз» қарағандылық «Шахтермен» кездеседі. Матч әдеттегідей Алматыда өтеді.

 

«Жас Қыран» стадионында болатын бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарланған.

«Тараздың» бапкерлік құрамы командалардың әлеуеті шамамен деңгейлес деп есептейді. Ойын тағдырын тактикалық тапсырмалардың орындалуы мен ойыншылардың барын салып ойнауы шешеді. Дегенмен, деңгейлей командалардың кездесуінде сәттіліктің де маңызды рөл ойнайтынын ескеру керек.

«Шахтер» турнирлік кестеде 10 ұпай жинап, «Тараздан» жоғары тұр. Біріншіліктің күміс жүлдегері «Қайратты», қола жүлдеген «Ордабасыны» да биылғы чемпионат барысында жеңіп кетті. Бұл қарағандылықтардың қайсарлығын көрсетсе керек. «Қайратпен» болған матчта жеңіс голын сол кезде қарағандылық командада ойнаған Бауыржан Тұрысбек соққан болатын. «Тараз» жейдесін киген Б.Тұрысбек бүгін де алаңға шығып, шеберлігін танытуға толық мүмкіндігі бар.

Ал «Шахтер» сапында «Тараздың» бұрынғы ойыншысы шабуылшы  Айдос Тәттібаев бар. Ол 2018 жылы жамбылдық клубтың премьер лигаға оралуына күш салған еді. Демек, екі командада да ойнаған ойыншылардың бір біріне қарсы кездесуі тартысты матч болатынынан үміттендіреді.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:23 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

13/09/2020 | Көргендер саны:15 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Валерий Каршакевич: Өкініштісі - соңғы минутта гол жіберу. Бұл бізге сабақ болады

"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"