Жуырда Тараз ФК франциялық легионері Серж Ньюадзиге  «СЭР. Спорттық-экономикалық ревю» журналынан 2019 жылғы Премьер-Лиганың үздік шетелдік ойыншыларының бірі ретінде жүлде табысталды.

 

Бмиылғы маусымда қақпаға 8 доп соғып, Тараз клубының жартылай қорғаушысы Элгуджай Лобжанидземен қатар команданың үздік бомбардирі атанды. Ел Кубогы үшін өткен ойында тағы бір гол  Серж Ньюадзидің есебіне жазылды.

Нәтижесінде ойыншы СЭР журналының нұсқасы бойынша қазақстандық біріншіліктің үздік легионерлерінің ондығына кірді. Ол 27 матчта тура 2000 минут ойнап клубтың негізгі ойыншысы болды.

Естеріңізге сала кетейік, журналдың нұсқасы бойынша биылғы жылғы біріншіліктің үздік легионері болып "Астана" командасының хорваттық қорғаушысы Марин Томасов, екінші орынды қайраттағы сербиялық Раде Дугалич, үшінші орынды шымкенттік "Ордабасы" командасында ойнайтын бразилиялық Жоао Пауло иеленген болатын.

СЭР журналының арт-директоры "Тараздың" ойыншысы Серж Ньюадзиге арнайы жүлде – постер, диплом және журналдың арнайы шығарылымын табыстады.

- Трибуналарда жанкүйерлер Ньюадзидің атын жылулықпен айқайлап айтатынын жиі естиміз. Балалар ойыннан кейін ойыншының қолтаңбасын алу үшін киіну бөлмесінде кезекшілік ететін. Бұл жанкүйерлер тарапынан футболшыға деген үлкен махаббатын білдіреді, - деп атап өтті И. Веснина.

- Мен биылғы маусымды Таразда өткізгеніме қуаныштымын, және командамен бірге маусымға арналған басты тапсырманы орындай алдық, - деп атап өтті Серж. - Көрермендердің қолдауы маған мен үшін маңызды екенін жасырмаймын. Ал СЭР журналының таңдауы мен үшін мәртебе. Бұл шығарылымды мен туған-туыстарыма, достарыма және таныстарыма көрсету үшін үйге апарамын. Мен үшін үздік легионерлердің ондығына кіру үлкен құрмет.

Өткен маусымды бағалай отырып, Ньюадзи маусымның қиынға соққанын атап өтті.

- Маусым бойы бізге оңай болмады. Бұл футболды аймақ және жанкүйерлер үлкен футболды қалайтыны жақсы сезілді. Сондықтан да жанкүйерлердің көңілін қалдырмай бірінші лигаға түсіп қалмауға толықтай тырыстық.

Осы тұрғыдан алғанда соңғы жекпе-жектер өте маңызды болды, онда біз Қайсар мен оралдық Ақжайықты жеңдік. Соңғы матчта бізге соғылған екі жылдам гол көмектесті. Қарсыластар қақпаға тисе қоймады, ашық әрі қызықты ойын болды, жанкүйерлерге ұнаған шығар деген ойдамыз.

Тараз қаласына келетін болсақ, Ньюадзи оны жылуға толы қала деп атады.

- Бұл ауа райы мен достық атмосферасы тұрғысынан кішкентай болғанмен, жылы қала Командада да, қалада да барлығы бір-біріне жылы қабақ танытып, қонақжайлылықпен қарайды. Мен үшін бұл өмірімнің маңызды бір бөлігі.

Болашақ туралы сөз қозғағанда, Ньюадзи оны қысқа да нұсқа қайырды:

- Мен Қазақстанда ойнағым келеді. Бірақ қай жерде екені маған ғана байланысты емес.


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

31/10/2019 | Көргендер саны:50 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Тараз» - күміс иесі

Бұл күндері Қазақстанның бірнеше қаласында футбол орталықтары мен академиялар арасында футболдан ел Кубогы ойындары өтуде. Жағымды жаңалықтар да бар, 2006 жылғы туған "Тараз" футбол орталығы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

28/10/2019 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жақып Қожамберді: Қарсыластың тактикасын зерттедік

"Тараздың" жартылай қорғаушысы "Жетісу" командасымен кездесу туралы

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"