Франциялық шабуылшы Серж Ньюадзи «Тараз» жейдесін тағы киді. Ол клубтың баспасөз қызметіне өзінің қайта оралуы туралы әңгімелеп берді.

 

-Серж, клубқа қош келдің!

-Рақмет! Тараз қаласына қайта келгенімен өте қуаныштымын. Осыны өзім де қаладым. Былтырғы маусымда менің өмірімдегі тамаша сәттер осында өтті. Мұның бәрі есімде. Мінекей, тағы келіп отырмын. Келуіме клуб тарапынан да қызығушылық болды. Жоғары нәтижелер көрсетуге бар үлесімді қосамын деп үміттенемін.

-Өткен біріншілікте команда жоғары лигада қалу үшін күресті. Биыл қандай көрсеткішке жетуді қалайсың?

-Менің ойымша, былтырғы чемпионат қиындау өтті. Дегенмен көдегенімізге жетіп, премьер лигада қалдық. Биыл одан да жақсырақ ойнауымыз қажет. Мен командаға сенемін. Себебі жалпы алғанда құрам өте жақсы.

-Қазір елде пандемияға байланысты үзіліс. Ал қазір Франциядағы ахуал қалай?

-Қазір барлық елде түбегейлі тұрақтылық жоқ. Қазір сәл де болса түзелеп келеді. Карантин аяқталып, адамдар жұмысқа шығып, жағажайларда қыдыруда. Бірақ сонда да барлығы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек.

-Соңғы рет қашан үйде болдың?

-Менің жолым болды. Қаңтар айында үйге барып, біраз күн отбасыммен болдым. Сосын қайта жаттығуларға оралдым.

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:22 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

13/09/2020 | Көргендер саны:14 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Валерий Каршакевич: Өкініштісі - соңғы минутта гол жіберу. Бұл бізге сабақ болады

"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"