«Тараз» футбол клубы инфекциялық стационарға оттекті концентраторлар алып берді

 

Қазіргі коронавирус пандемиясы кезінде ауруханаларда оттекті концентраторлардың жеткіліксіздігі өте өзекті мәселе болып отыр. Бұл құрылғы жүздеген адам өмірін сақтап қалуға көмегі бар аппарат. Бүгінгі күнде қазақстандықтар сондай аппараттар алуға қаражат жиып, ем алушылар үшін ауруханаларға жеткізу акцияларын ұйымдастыруда. Бұл реттер «Тараз» кәсіпқой футбол клубы да бейтрап қалмай, акцияның бел ортасынан табылды.

Клубтың әкімшілігі мен ойыншылары төрт оттекті аппаратын алып, облыстық инфекциялық стационарға жеткізді.

Клуб басшысы Талғат Тұрлыбайұлы: -Біз бұл акцияны облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен біріге ұйымдастырдық. Мұндай идеяны біздің ойыншылар шын ықыласымен қабыл алып, бір кісідей атсалысты. Олардың қатарында қазақстандық ойыншылар ғана емес, шетелдік футболшылар да бар. Дүниежүзін дендеген дерт барлығымыздың өмір салтымыздың бұзылуына әкелді десек болады. Біз бірігіп, ереже мен тәртіптті қатаң сақтап, күресуіміз қажет. Мына аппараттар ауырып жатқан азаматтардың өмірін сақтауға қажет болады деп үміттенеміз. Барлық ем қабылдап жатқан адамдар тезірек жазылып, сауығып кетуін тілейміз. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық болсын, - деді.

Айта кету керек, бұл клубтың соңғы екі аптадағы екінші акциясы. Алдында команда осы стационардағы 100 дәрігер мен мед.қызметкерге арнап түсті ас жасаған болатын.

Дәрігерлер мен ем алушылар көрсеткен қолдау үшін клубқа риашылықтарын білдіріп, рахмет айтты.

Қазіргі күндері көмек шаралары өзге де спортшылар тарапынан жасалып жатыр. Мысалы, осы күні паралимпиада чемпионы жерлесіміз Зульфия Габидуллина мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері де жәрдем жасады.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/10/2020 | Көргендер саны:11 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джорахон Бабаханов: Командадан, барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

22/10/2020 | Көргендер саны:10 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАҢЫЗДЫ МАТЧТА КЕТКЕН ЕСЕ

Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

28/09/2020 | Көргендер саны:67 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" бас бапкері Владимир Никитенко "Тобылмен" өткен матч туралы пікір білдірді

-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

20/09/2020 | Көргендер саны:62 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"