5 наурыз күні "Тараз" Футбол клубының базасында жаңа маусымның басталуына орай республикалық және облыстық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

 

Клуб басшысының міндетін атқарушы Ғабит Қазбеков пен бас бапкер Владимир Никитенко маусымға тапсырма мен құрамның жасақталуы жайында баяндады. Биылғы жылы команданың бас бапкері отандық болып Премьер-лига мен ресейлік "Теректе" қызмет атқарған Владимир Никитенко тағайындалды. Ол екі рет чемпионы, төрт рет ел кубогінің иегері атанған. Командамыз алғашқы ОЖЖ Таразда, екі оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізді.

Құрам жақын және алыс шетелден келген легионермен күшейтілді. Атап айтар болсақ, Нилс Цатл(шабуылшы, Австрия), Деян Больевич(қорғаушы, Сербия), Горан Бркич(қорғаушы, Сербия), Овидиюс Вербицкас(жартылай қорғаушы, Литва), Йован Чадженович(жартылай қорғаушы, Сербия), Тони Сильва(шабуылшы, Португалия/Гвинея-Бисау) және Братислав Пуношевац(шабуылшы, Сербия) биыл команда намысын қорғайтын болады. ЕАЭО елдерінің азаматтары Аюб Бацуев(шабуылшы, Ресей), Валерий Каршакевич(қорғаушы, Белоруссия) және Михаил Мищенко(қорғаушы, Ресей) сынды ойыншылар құрамды толықтырды және олар легионер болып есептелмейді.

Жергілікті футбол мектебінің түлектері Дмитрий Евстигнеев пен Джурахон Бабаханов командаға қайта оралды.

Ғ.Қазбеков тілшілер сауалына жауап бере отыра, басты мақсат алтылыққа іліну мен кубоктағы жемісті ойын көрсету керектігін атап өтті. Ел біріншілігіндегі алғашқы ойынын командамыз осы сенбіде Алматыда жергілікті "Қайратқа" қарсы өткізбек. Ал, өз алаңымыздағы алғашқы кездесу 15 наурызда Орталық стадионда шымкенттік "Ордабасыға" қарсы болмақ.

Ғ.Қазбеков "Стадион матч өткізуге толықтай дайын, алғашқы матчқа дейін клуб дүкені ашылады деп жоспарлап отырмыз" деді.

Маусымға тапсырма туралы В.Никитенко орындалатынына сенімін білдірді.

-Әрине, басқа клубтарымен салыстырғанда қиын, дегенмен, құрамымыздағы ойыншыларға қарап, маусымға үмітпен қараймыз. Дәстүр бойынша, команда жергілікті түлектерге сенім артады, біз де соны жалғастырамыз. Ұжымға жаңа келген легионерлер Еуропаның жақсы футбол мектептерінен өткен, кейбірінің Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнаған тәжірибелері бар. Бұл құрам нәтиже береді деп сенеміз. Маусым барысында жағдайға қарай өзгерістер енгізетін боламыз, - деп өз ойын білдірді.

Команда капитаны Мақсат Әмірханов командадағы көңіл-күйдің жақсы екенін, ойыншылардың барлығы тапсырманы орындауға бекініп отырғанын жеткізді.

-Алдыңғы жылдары көп матчтарда мінезімізді көрсеттік, биыл да қала мен облысымыздың намысын қолдан бермейміз, - деп сөзін түйіндеді.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

16/03/2020 | Көргендер саны:47 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джурахон Бабаханов: Жанкүйерлер үшін ойнадық.

"Тараз" қақпашысы "Ордабасыға" қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:

16/03/2020 | Көргендер саны:43 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Тони Сильва: Барлық жігіттер үздік атағына лайық

"Тараз" шабуылшысы матчтың үздік ойыншысының бірі атанды. Аталмыш футболшының үш соққысынан кейін доп қақпадан табылған еді.

16/03/2020 | Көргендер саны:53 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Владимир Никитенко: Жергілікті ойыншылар лайық болғандықтан, алаңға шығады

"Тараз" бас бапкері клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында "Ордабасыға" қарсы матч туралы өз ойын білдірді:

16/03/2020 | Көргендер саны:36 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" қола жүлдегерден басым түсті

OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының екінші турында "Тараз" өз алаңында "Ордабасыны" қабылдап, 3:2 есебімен қиын жеңіске жетті.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"