Белгілі футбол маманы, кезінде атақты ойыншы болған Нүркен Мазбаев туған жері Тараз қаласына қайта оралып отыр. 

 

Нүркен Қалдыбекұылының ендігі жұмысы «Тараз» футбол клубында жаттықтырушы – сұрыптаушы қызметін атқармақ. Клуб басшысы Қанат Бектілеуұлының айтуынша Нүркен Мазбаев Қазақстанның көптеген клубтарында жұмыс істеген, осы салада тәжірибесі де мол.

Сондықтан, ол алдағы уақытта «Тараз» футбол клубына жан-жақты көмектесетін болады. Өздеріңізге белгілі Нүркен Қалдыбекұлы 1972 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. 

Мазбаевтың қатысуымен «Тараз» футбол клубы 1996 жылы Қазақстан чемпионы да болды. 2008 жылдан бастап, бапкерлік жұмыстарды қолға алды. 
Ұлттық құраманы да жаттықтырды. Өткен жылы «Оқжетпес» футбол командасының ассистенті болды.


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/05/2020 | Көргендер саны:24 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Аюб Бацуев: Футболды қатты сағындым

"Тараз" ойыншысы карантин мен команданың мақсаты туралы

08/05/2020 | Көргендер саны:16 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Тони Сильва: Футболды сағынып үлгердім

"Тараздың" легионері Instat сараптамалық компаниясының тұжырымы бойынша ел біріншілігінің екі турындағы үздік ойыншы атанды. Алаңда көп қызмет атқарып, "Ордабасы" қақпасына соғылған үш голға да зор үлесін қосты. Ол бүгін клубтың баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап бермек.

16/03/2020 | Көргендер саны:126 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джурахон Бабаханов: Жанкүйерлер үшін ойнадық.

"Тараз" қақпашысы "Ордабасыға" қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:

16/03/2020 | Көргендер саны:126 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Тони Сильва: Барлық жігіттер үздік атағына лайық

"Тараз" шабуылшысы матчтың үздік ойыншысының бірі атанды. Аталмыш футболшының үш соққысынан кейін доп қақпадан табылған еді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"