«Тараздың» бас бапкері Владимир Никитенко «Шахтермен» өткен ойын туралы пікірімен бөлісті.

 

Кездесу жеңіл болған жоқ. Бірінші таймда қарсыластың қыспаққа алуынан шабуылға шығу қиын болды. Көп күресуге тура келді. Ойынның екінші бөлігінде бірқатар жақсы мүмкіндіктер болды. Соның бірінде бірінші болып гол соғып алдық. Тағы да есепті еселейтін мүмкіндік болды. Бірақ қақпашымен жеке дара шығып, ол сәтті тиімді пайдалана алмадық.

Матч соңында гол жіберіп алғаннан кейін де тағы бір тамаша мүмкіндік болды. Бірақ ол да сәтсіз аяқталды. Қоржында тұрған екі ұпайды жіберіп қалдық деп есептеймін. Жалпы алғанда жекелеген сәттерде ойыншылар үздік шығып, сондай жақсы қарсыласпен тең дәрежеде ойнады. Тек матч соңы ойдағыдай аяқталмады.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:23 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

13/09/2020 | Көргендер саны:15 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Валерий Каршакевич: Өкініштісі - соңғы минутта гол жіберу. Бұл бізге сабақ болады

"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"