Бүгін Орталық стадионда «Тараз» Футбол клубының 2019 жылғы маусымының тұсаукесері өтті.

Бұл күні команданың жаңа құрамымен танысу үшін нағыз жанашыр, адал жанкүйерлер жиналды. Олардың әрқайсысы команданың барлық құрамы көрсетілген буклеттермен, сондай-ақ, Премьер-лиганың биылғы маусымының алғашқы екі кезеңінің күнтізбесін алды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков команда мен жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтап, "Таразға" табысты әрі жеңісті ойындар тіледі. Ал клуб жетекшісі Қанат Мұсатаев келген көрермендерге клубқа көңіл бөліп, уақыт тауып келгендері үшін алғысын білдірді.

- Біз жоғарыға ұмтылатын ойыншыларды таңдадық.  Олардың міндеті - алаңға шығып, жарқын ойын көрсету. Сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз, өз кезегінде футбол сүйер қауымнан қолдау қажет, - деді ол.

Содан кейін  "Тараздың" жаңа құрамы таныстыру рәсімі өтті. Жанкүйерлер 10 наурыз күні Алматыда "Қайратқа" қарсы бірінші матчқа шығатын барлық ойыншылар мен жаттықтырушыларды көрді, сәттілік тіледі.

-            30-40 жылдық тәжірибесі бар белсенді жанкүйерлерді көру біз үшін жағымды жаңалыұ  - деді бас жаттықтырушы Вахид Масудов. - Бізде әдеттегідей дайындыққа аз уақыт бар, бірақ команда жауынгерлік қабілетті және біз Премьер-лига деңгейіне түспеуіміз керек.

Біз өз қаламыз бен клубтың беделі үшін ойнайтын боламыз, - деді команда капитаны Мақсат Әмірханов. – Сіздердің алдарыңызда ұятты болмас үшін лайықты ойын көрсетуге тырысамыз. Матчқа келіңіздер!

Өз кезегінде, жанкүйерлердің атынан еңбек ардагері Федор Клименко сөз сөйлеп, командаға оң нәтиже тіледі.  

- Сіздер, жергілікті және шақырылған ойыншылар, барлығыңыз жанкүйерлер стадионға қарай ұмтылатындай дәрежеде керемет ойындар, мықты футбол көрсетулеріңіз қажет. Жеңіс көп болса стадион мінбелерінде ине шаншар жер болмайды! – деді ол.

Іс-шара соңында барлық тілек білдірушілер өздерінің сүйікті ойыншыларымен естелік суретке түсіп, олардан қолтаңба ала алды.

 


 

«Тараз» КФК баспасөз қызметі 


Joomla SEF URLs by Artio

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"