Вахид Юнусович, бірінші ойын жеңіліс тапты. Қостанайда өтетін екінші матчқа қандай көңіл-күймен дайындалудасыз?

- Өкінішке орай, "Қайратпен» теңдей дәрежелі ойында команда жеңіліп қалды. Әрине, қателерді талдауға, қорытынды жасауға және осы өткен матч туралы ұмытуға тырысамыз. Өйткені келер жұма күні "Тобылмен" ойын кезегі тұр. Командада барлығы алда тағы бір оңай емес матчтың күтіп тұрғанын түсінеді және барлық ойыншылардың көңіл-күйі мен құлшыныстары тиісті деңгейде.

 

- Қарсылас команда туралы не айта аласыз?

- Бұл тәжірибелі клуб, еурокубоктардың бірнеше дүркін қатысушысы және ел чемпионатының жүлдегері.  Команда құрамы жағынан да, ойын бойынша да құрметке ие. Олардың бізге дейін павлодарлықтарды еш қиындықсыз жеңуі біраз мәселені түсіндіреді.  Бұл ойында да команда алдына жоғары міндеттер қойылғанын білеміз. Қостанай қаласында ойнау әрдайым оңайға соқпайтын, сондықтан да бізді тағы бір маңызды емтихан күтіп тұр. Бірақ біз қарсыласқа мықты тойтарыс беруге дайынбыз.


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

31/10/2019 | Көргендер саны:27 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Тараз» - күміс иесі

Бұл күндері Қазақстанның бірнеше қаласында футбол орталықтары мен академиялар арасында футболдан ел Кубогы ойындары өтуде. Жағымды жаңалықтар да бар, 2006 жылғы туған "Тараз" футбол орталығы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

28/10/2019 | Көргендер саны:19 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жақып Қожамберді: Қарсыластың тактикасын зерттедік

"Тараздың" жартылай қорғаушысы "Жетісу" командасымен кездесу туралы

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"