Өңірлік орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Тараз" КФК басшылығы брифинг өткізді. Клуб жетекшісі Қанат Мұсатаев, бас жаттықтырушы Вахид Масудов және команда капитаны Мақсат Әмірханов команданың маусым алдындағы міндеттері мен өңірдегі футболды дамыту перспективалары туралы айтты.

 

Қ. Мұсатаев басталатын чемпионатта "Тараз" футбол клубы 10 наурызда Алматыда жергілікті "Қайратқа" қарсы бірінші матчты өткізетінін атап өтті. 15 наурызда тараздықтар Қостанайда "Тобылға" қарсы ойнайды. Содан кейін алғашқы үйдегі кездесуді клуб – 30 наурыз күні "Атырауға" қарсы өткізеді.

- Мен үшін біздің командамызда жергілікті тәрбиеленушілердің басым екені қуантады. Бүгін команда құрамында 25 адам, олардың 14-і Жамбыл футболының шәкірттері, Премьер - Лиганың көптеген клубтарында мұндай көрсеткіш жоқ, - деп атап өтті ол.

Биыл команданы ҚР Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы және Премьер-лига клубтарында жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ, Жамбыл футболының тәрбиеленушісі Вахид Масудов басқарды.

Маусым басталмас бұрын команда Түркияда екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Жиын барысында жолдастық ойындар өткізіліп, құрамды күшейте алатын жаңа ойыншылар қайда қаралды.

Команда капитаны Мақсат Әмірханов атап өткендей, ұжым күш жинақтап, жауынгерлік қабілетті арттырды. Командада жақсы микроклимат қалыптасқан, барлығы маусымның басталуын асыға күтуде. 

Бас жаттықтырушы Вахид Масудов маусымға дайындық үшін жақсы жағдай жасалғанын және команда чемпионаттың басталуына сақадай-сай екенін атап өтті.

- Бізге жеңіске деген құлшыныстары зор футболшылар қажет. Басты міндет - әр матчта жанкүйерлердің көңілінен шығатын лайықты ойын көрсету, - деп атап өтті В. Масудов.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

 

 


Joomla SEF URLs by Artio

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"