"Тараз" қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Бұл жолы Премьер-Лига көшбасшыларының бірі – төртінші орында келе жатқан Шымкенттік "Ордабасы".

 

"Таразға" Премьер-лигадан ұпай алу қиынға соғып жатады. Әр матч – ол ауыр сынақ. Бұл ойын қиын да қызықты болды.

Алаң иелері бірден алға шығып, ойын басында қауіпті сәттерді құрды. Алдымен Серж Ньюадзи жақын қашықтықтан допты ұрды, одан барып Неманья Субботич алыс қашықтықтан тәуекелге бел буды. Екі ретте де доп қақпаның маңынан зырғып өтті. Ақырында, Ньюадзи көп ұзамай шедевр жасады. Допты алып, екі қорғаушының алдында тұрған соң, ол шабуылға батыл барып, оларды жеңіп, айып алаңына кіріп, кипер Дмитрий Непогодовтың алдын орап әкетіп, 1:0 есебімен есепті ашты.

Бірінші таймда алаң иелері дәл осындай бағытта әрекет етті және тағы бірнеше жақсы сәттерге ие болды. Алишер Сүлей мен Рахымжан Розыбакиев соққыларымен ерекшелене білді. Қонақтар Жоао Паулу мен Абдулла Диакатенің алыс және қауіпті соққыларымен жауап берді. Оқиға орнында тараздықтардың қақпашысы Мұхамеджан Сейсен болды.

Дәл үзіліс алдында қонақтардың командасы азшылықта қалды. Доп үшін күресте Диакате шықтағымен Ньюадзидің бетінен қағып қалып, осы әрекеті үшін екінші сары карточкаға ие болды.

Екінші таймда ойын түбегейлі өзгерді. Шымкенттіктер бастаманы толығымен иеленіп, бірнеше қауіпті сәттерді құрды. Бірақ, қақпашы мен тараздықтардың қорғаушылары орындарында болды, тағы бір сәтте қожайындарды штанга құтқарып қалды.

"Тараз" қарсыластарға жұмыс істеп, өз басымдылығын екі есе арттыра алды. Бірақ Суботичтің соққысы қақпадан жоғары болды, ал Мартинс Жоан штангага тиді.   Алайда, ең бастысы – есепті ұстап, бағалы үш ұпай алу болды және оған қол жеткіздік.

Осы жеңістің арқасында тараздықтар 19 ұпаймен 9-шы орынға жоғарылады. Бірақ бізді алдымызда тағы бір күрделі матч күтіп тұр – бізге қонаққа вице-чемпион-алматылық "Қайрат" келеді. Ойын 11 тамызда Орталық стадионда өтеді.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі.


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/05/2020 | Көргендер саны:17 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Аюб Бацуев: Футболды қатты сағындым

"Тараз" ойыншысы карантин мен команданың мақсаты туралы

08/05/2020 | Көргендер саны:14 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Тони Сильва: Футболды сағынып үлгердім

"Тараздың" легионері Instat сараптамалық компаниясының тұжырымы бойынша ел біріншілігінің екі турындағы үздік ойыншы атанды. Алаңда көп қызмет атқарып, "Ордабасы" қақпасына соғылған үш голға да зор үлесін қосты. Ол бүгін клубтың баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап бермек.

16/03/2020 | Көргендер саны:123 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джурахон Бабаханов: Жанкүйерлер үшін ойнадық.

"Тараз" қақпашысы "Ордабасыға" қарсы матч туралы өз пікірін білдірді:

16/03/2020 | Көргендер саны:123 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Тони Сильва: Барлық жігіттер үздік атағына лайық

"Тараз" шабуылшысы матчтың үздік ойыншысының бірі атанды. Аталмыш футболшының үш соққысынан кейін доп қақпадан табылған еді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"