Ел чемпионатының кезекті матчында "Тараз" қарағандылық «Шахтерді» қабылдады

Алаң иелерінің құрамында бірқатар ойыншылар жарақат алды, сондықтан да жақын арада резервке жетуге тура келеді. Әсіресе бұл қорғаныс желісіне қатысты. Бұл матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаң иелерінің бапкерлер штабы жергілікті спортшы Алмас Хамытбековке қақпаны тапсырды.  Ал, тараздықтардың алғашқы сапында жергілікті бес тәрбиеленуші шықты және тағы екеуі ойыншылардың орнын алмастыруға шықты. Олардың барлығы лайықты ойын көрсетіп, тәжірибе жинақтауда.

Бірінші таймда екі команда да шабуылда белсенді ойнады және бұл додада қонақтар басымдық танытты. Бірінші голды бұрыштық ойыннан кейін Артем Барановский соқты, содан кейін қарсыластағы айып алаңынан Марат Шахметовтің соққысы дәл түсті. Осылайша қонақтар ойынды 2:0 есебіне жеткізді.

Көп ұзамай Тараздықтар өз ойындарын жақсы сезініп, қонақтардың қақпасына шабуыл жасаған. Олардың бірінде қапталдан допты қақпаға дәл бағыттаған Серж Ньюадзи жауап берді, есеп 1:2.

Екінші таймда алаң иелері тағы да шабуылға шықты, бірақ матч төрешісі ойын сәтінде кеншілер ойыншыларының табандылығынан кейін Игорь Пикалкинге сары карточка беруді шешті. Осы барасында бұл карточка қатарынан екіншісі еді. 

Тараздықтар азшылықта қалғанмен,  есепті теңестіре алды. Гол соғуға екі рет жақсы мүмкіндігі болған Элгуджа Лобжанидзе, қауіпті соққыларды Ньюадзи жөнелтті және ойыншыны алмастыруға шыққан Абзал Таубай да жақсы сәттерге ие болды. Бір сөзбен айтқанда, алаң иелері тәуекелге бел буып, көптеген қауыпты жағдайлар құрды. Бір сәтте доп штангаға түсті. Өкінішке орай, есепті салыстыру мүмкін емес болды

Дегенмен, "Тараз" ойыны көп үміт  арттырады және алдағы уақытта команда ұпай жинауы тиіс.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

28/11/2019 | Көргендер саны:75 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Серж Ньюадзи: «Таразда» бақытты болдым

Жуырда Тараз ФК франциялық легионері Серж Ньюадзиге  «СЭР. Спорттық-экономикалық ревю» журналынан 2019 жылғы Премьер-Лиганың үздік шетелдік ойыншыларының бірі ретінде жүлде табысталды.

31/10/2019 | Көргендер саны:118 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Тараз» - күміс иесі

Бұл күндері Қазақстанның бірнеше қаласында футбол орталықтары мен академиялар арасында футболдан ел Кубогы ойындары өтуде. Жағымды жаңалықтар да бар, 2006 жылғы туған "Тараз" футбол орталығы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"