«Тараз» жартылай қорғаушысы «Астанамен» өткен ойын туралы пікірімен бөлісті.

 

- Йован, бұл ойын нәтижесі қанағаттандырады ма?

-Өте қиын әрі жауапты кездесу болды. Біз матч алдында келіскен ойын өрнегін алаңда іске асыра алдық. Бұл кездесуден алған ұпайға қанағат білдіруіміз керек деп ойлаймын. Себебі, бізге қарсы ел чемпионы ойнады. Екіншіден, ойын барысында біз ұтылып жаттық әрі психологиялық тұрғыда «сынып» қалуымыз мүмкін еді. Бірақ олай болмады. Матч біздің ҚПЛ-де ке келген командамен тең дәрежеде ойнай алатынымызды көрсетті.

-Кездесуді тең дәрежеде өткізуге не әсер етті?

-Әрине бапкердің қойған тактикалық тапсырмасы және команданың түсінісіп ойнауының арқасында. 90 минут бойы біз жақсы қорғанып, шабуылға сәтті шығып жаттық. Алда көп мүмкіндіктер жасап, қарсыластардың мазасын қашырдық. Өкінішке қарай, әдемі сәттер болғанымен екінші голды сала алмадық. Бірде Постников кедергі жасаса, бірде қақпашы Эрич өз орнынан табылды.

-Қазір Ұлттар лигасының ойындарына байланысты ҚПЛ де аздаған үзіліс болады. Команда үзілісті қалай пайдалануда?

-Әлбетте осыны пайдаланып, жақсылып тынығып алуымыз қажет. Футболда олсыз болмайды. Содан кейін тыңғылықты дайындық жасаймыз. Біз турнир кестесінде жоғары тұратын команда екенімізді дәлелдеуіміз керек.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/10/2020 | Көргендер саны:40 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джорахон Бабаханов: Командадан, барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

22/10/2020 | Көргендер саны:38 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАҢЫЗДЫ МАТЧТА КЕТКЕН ЕСЕ

Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

28/09/2020 | Көргендер саны:118 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" бас бапкері Владимир Никитенко "Тобылмен" өткен матч туралы пікір білдірді

-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

20/09/2020 | Көргендер саны:93 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"