"Шахтер" мен "Тараз" командасының өткен кездесуіндегі қаһармандардың бірі жас жергілікті тәрбиеленуші Гаврил Кан болды. Клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ол матчтан алған әсерімен бөлісті.

 

- Гаврил, сен ойынға бастапқы құрамда алғашқы рет шықтың. Қандай әсерде болдың?

- Ең алдымен, біздің жеңісіміз қуантады. Ойын оңайға соқпады, бірақ барлық балалар ойын  соңына дейін күш-жігерлерін аямады. Осындай деңгейде старттық құрамда шығу – бұл үлкен құрмет, бапкерлік штабқа рахмет, маған осындай мүмкіндік берген, сондай-ақ, өз қолдауларымен бізді шабыттандыратын жанкүйерлерге алғысымды білдіремін.

- Өз дебютыңа ризасың ба?

- Ең бастысы, гол соғылды. Барлық сәттерде 200 пайызға ойнауға тырыстым. Команданың барлық мүшесі көмектесіп, керек кезде доппен жақсы жабдықтап қамтыды. Сол екі сәтте гол соғудың сәті түспейтіні өкінішті әрине, бұл тұрғыда тынымсыз жұмыс істеу керек. Бірақ ең бастысы, біз ойынның келесі кезеңіне өттік, бұл жағдай бізге күш береді. Өз басым бұл матчтан алдағы өмірімде қажет болатын баға жетпес тәжірибе алдым.

 

«Тараз» КФБ баспасөз-қызметі


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:23 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

13/09/2020 | Көргендер саны:16 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Валерий Каршакевич: Өкініштісі - соңғы минутта гол жіберу. Бұл бізге сабақ болады

"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"