«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

 

-Джорахон, ол жағдайда не болды?

-Өте өкінішті жайт. Мен допты ырқыма көндіріп, ұстап қалуға тырыстым. Бірақ қолдан шығып кетіп, қарсылас команда ойыншысына жетті. Бұл қателік мен ғана емес, команда үшін де ауыр болды. Командадағы жігіттер мен барлық жанкүйерлерден шынайы кешірім сұраймын. Ол сәттегі жауапкершілік менің мойнымда.

-Дәл сол сәтті есепке алмасақ, жалпы бұл матчта жаман емес ойын өрнегін көрсете білдің...

-Ия. Бірақ сондай сәттер жанкүйерлер есінде ұзақ сақталады. Қақпашылардың бір қателігі барлық еңбекті жоққа шығаруы мүмкін. Футбол заңы солай...

-Матчтан соң командадағы ойыншылар не айтты?

-Командаға рақмет! Олар қатты абыржымай, сабырға келуге шақырды. Мұндай сәттер басқа қақпашыларда да соңғы кездері болып жатқанын айтты. Тіпті мықтылар да қателеседі. Бірақ мұндай сәттерде ол көңілді тыныштандыра қоймайды. Ондай қателіктер қайталанбас үшін жұмыс жасауды жалғастыру керек. Тағы да команда мен жанкүйерлерден кешірім сұраймын.


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

05/03/2021 | Көргендер саны:5 | ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫ

«ТАРАЗ» ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Тараз бен Шымкент қалаларында жаңа маусым алдында жасөспірімдер арасында өткен турнирдің алғашқы кезеңі аяқталды. Дәстүрлі «Арман» аталатын доп додасы 2003 жылы дүниеге келген балалар арасында болды. «Жастар» стадионында жалғасын тапқан атаулы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан дерлік 19 команда қатысып, бақ сынады. Жамбылдық жасөспірімдер өз тобындағы екі кездесуде де сенімді түрде...

05/03/2021 | Көргендер саны:6 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«ТАРАЗ» 14 наурызда «ҚАЙСАРМЕН» кездеседі

Жуырда 2021 жылғы футбол маусымындағы Қазақстан Премьер лигасы мен кубоктық кездесулерінің күнтізбесі жарияланған болатын. Соған сәйкес, «ТАРАЗ» алғашқы турдағы матчты 14 наурыз күні сырт алаңда қызылордалық «ҚАЙСАРҒА» қарсы өткізеді. Ал өз алаңындағы кездесу 19 наурызға тура келеді. Петропавл қаласының «ҚЫЗЫЛЖАР» командасымен жасыл алаңда жолығады. Бұл матч Орталық стадионда өтеді деп...

05/03/2021 | Көргендер саны:5 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ТӘЖІКСТАН ЧЕМПИОНЫ «ТАРАЗБЕН» ТЕҢ ТҮСТІ

Оқу-жаттығу жиындары барысында «Тараз» кезекті рет жолдастық матч өткізді. Бұл жолы Азия чемпиондар лигасы матчтарына дайындалып жатқан Тәжікстан чемпионатының жеңімпазы Душанбе қаласының «Истиклол» командасымен кездесті. Матчтың бірінші таймында іс жүзінде байқап көру үшін «Тараз» жастарды алаңға шығарды. Ойын басында қарсылас команда қорғаныстағы қателікті қалт жібермей есеп ашты. Жамбылдықтар жылдам ес жиып...

05/03/2021 | Көргендер саны:10 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«ТАРАЗ» ЖЕРГІЛІКТІ ЖАСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары барысында «Тараз» клуб құрылымына қарасты футбол орталығы менр «Тараз-2» жастар командасының бірқатар ойыншыларымен келісім-шарт жасады. Атап айтқанда, Еркебұлан Тойбеков, Жалғас Жақсылықов, Айбек Өксікбаев, Ерсұлтан Қалдыбеков, Елисей Горшунов және Станислав Щербаков негізгі құрамның жейдесінде өнер көрсетпек. Клуб жетекшісі Талғат Тұрлыбайұлы жоғарыда аталған ойыншылардың бұл кәсіби тұрғыдағы тұңғыш келісім шарттары...

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2021 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"