«Таразға» қайта оралған Бауыржан Байтана клубтың баспасөз қызметіне өзінің әсерімен бөлісті.

 

-Бауыржан, клубқа қайта оралуыңмен. Қандай күйдесің?

-Мені жылы қарсы алды. Командада шамамен барлығымен жақсы таныспын. Тіл табысып, танысу үшін уақыт қажет етпейді. Өзім шыққан клуб үшін ойнау мен үшін үлкен қуаныш. Бірақ былтырғы маусымда командадан ауысуға тура келді. Өкінішке орай, бәрін ашып айта алмаймын. Бұл сахна сыртындағы тақырып болып қала берсін.

-Өзіңнің «Тараз» сапындағы алғашқы матчың есіңде ме?

-Ия, ол 2009 жылы болатын. Өскемендік «Восток» командасына қарсы ойында алаңға ауысып кірген едім. Ол ойынға дейін екі күн бұрын қосалқа құрам сапында матч өткіздім. Келесі күні достармен шомылуда жүргенде хабарласып, ертеңгі күні өтетін негізгі құрамның ойынына қатысатын құрамада бар екенімді айтып, тезірек келуімді ескерті. Мен бірден үйден заттарымды жинастырып, кездесуге дайындалу үшін базаға қарай тарттым. Ол ойынға ауысып кіріп, 20 минуттай алаңда өткіздім. Аса бір қатты толқу болған жоқ. Командадағы жасы үлкен жігіттер мен бапкерлер демеу көрсетті. Әрине, мұндай сәттер естен кетпейді.

-Жергілікті ойыншылармен ойнау жағымды шығар?

-Әлбетте. Жан-жағыңда өзіңе жақын жігіттер көп болғаны, әрине жақсы.  Дегенмен, біз кәсіпқой спортшылармыз ғой. Сондықтан біз үшін қатты айырмашылығы болмауы қажет. Егер олар құрамда болса, демек шеберлігінің арқасында болады. Сол себепті құрметке лайық.

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:23 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

13/09/2020 | Көргендер саны:15 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Валерий Каршакевич: Өкініштісі - соңғы минутта гол жіберу. Бұл бізге сабақ болады

"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"