Бүгін Қазақстан футболының аңызына айналған жерлесіміз Сейілдә Байшақов 70 жасқа толды.

 

Сейілдә Байшақов жамбылдық футбол мектебінің талантты түлегі. Ол өз карьерасын жамбылдық "Энергетик" командасында бастады. Осы ұжымда жанкүйерлердің сүйіктісіне айналып, құрметіне бөленді.

Ол Жамбылда жүріп еліміздің маңдайалды клубы алматылық "Қайратқа" шақырту алады. Бұл командада 11 жыл өнер көрсетіп, одақ біріншілігінің жоғарғы және бірінші лигасында ойнайды. Алматылық клубтың тарихындағы үздік ойыншылардың бірі болды.

Сейілдә Икрамұлы "Қайрат" сапында 300-ден аса ойын өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша елімізде көш басында тұр. Сонымен қатар, ол Қазақстан футбол федерациясында бірқатар құрылымдарда басшылықта табысты еңбек етіп, ересектер және балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға үлкен үлес қосты.

Жуырда еткен еңбігіне құрмет көрсетіліп, мемлекеттік "Парасат" орденімен марапатталды.

"Тараз" футбол клубы Сейілдә Икрамұлын мерейтойымен және марапатымен құттықтайды. Сізге зор денсаулық, өмірдегі барлық жақсылықты тілейміз! Футболды дамыту мен өркендетуге қосқан үлесіңіз үшін рахмет!

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/10/2020 | Көргендер саны:40 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джорахон Бабаханов: Командадан, барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

22/10/2020 | Көргендер саны:38 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАҢЫЗДЫ МАТЧТА КЕТКЕН ЕСЕ

Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

28/09/2020 | Көргендер саны:118 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" бас бапкері Владимир Никитенко "Тобылмен" өткен матч туралы пікір білдірді

-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

20/09/2020 | Көргендер саны:93 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"