«Тараз» футбол клубының және Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен Европа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Израиль құрамасымен өткен ойында ең басты ойыншылардың бірі бола білді. Айта кетейік, біздің жастар құрамасы ойынның қосымша уақытында гол жіберіп алып, сол қосымша уақыт ішінде жеңісті жұлып алған болатын. М.Сейсен матчта бірнеше мәрте допты қайтарып, қауіпті сәттерде команданы құтқарып қалды. Ол клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы пікірімен бөлісті.

 

-Мұхамеджан, кездесу өте тартысты өтті. Мұндай ойында ойнау оңай болмаса керек...

-Иә, жеңіл матч деп айта алмаймын. Шынында оңай болған жоқ. Біз бірінші таймның қосымша минутында гол соғып, алаң иелерінің ашуына тигеніміз анық. Алдыңғы Черногориямен өткен кездесуден кейін бапкерлер ойын тактикасын ауыстырды. Біз қалайда жеңіске жету үшін алаңға шықтық. Әйтпесе, топтағы жоғары орындарға күрес ерте аяқталуы мүмкін еді. Араға үш күн салып екінші ойынды өткізу физикалық тұрғыда ауыр болғаны рас. Бірақ біз барлығына төзімділік танытып, алаң иелерін жеңе білдік және таблодағы есеп ойынға сай болды.

-90 минут бітіп, қосымша уақытта қарсыластар гол соққан соң жеңіс уыстан шығып кеткендей болған шығар...

-Шыныным айтсам, ия солай көрінді. Соңғы минутта гол жіберу өте өкінішті жайт және мен тағы гол жіберіп алмауды ойладым. Мұндай сәттерде жеңіске деген сенімді жоғалтпау қиын болады. Команда абыржып қалғаны байқалды. Бірақ Оралхан Өміртаевтың голы бәрімізді серпілтіп тастады, сенім әкелді.

-Жастар арасындағы Европа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алуға болатынына қаншалықты сенім бар?

-Өткен матчтан кейін, әрине сенім зор. Турнир басында мүмкін бұлай ойламаған да шығармыз. Жетістікке жету үшін физикалық, психикалық тұрғыда көп жұмыс жасау қажет. Іс жүзінде Испаниямен де тең дәрежеде иық тірестіріп ойнауға болатынын көрдік. Қалған кездесулерде де осындай мәнерде жалғастыратын болсақ қажетті ұпайларды жиып, сенсация жасап, таңқалдыруға болады.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Фото: kff.kz

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

20/09/2020 | Көргендер саны:37 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:20 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

14/09/2020 | Көргендер саны:23 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Көңіл айту

"Тараз" футбол клубы бұрынғы футболшы, "Тараз" кәсіпқой футбол клубының спорт директоры және команданың бас бапкері болған Мазбаев Нұркен Қалдыбекұлына анасы Жүрсіннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Иманды болсын

13/09/2020 | Көргендер саны:14 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Валерий Каршакевич: Өкініштісі - соңғы минутта гол жіберу. Бұл бізге сабақ болады

"Тараздың" белоруссиялық қорғаушысы "Шахметмен" өткен ойын туралы пікір білдірді.

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"