Барлық жасөспірімдерді Халықаралық балалар футболы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Балаларды спортқа тарту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының бекітуімен осындай атаулы дата пайда болды. 2001 жылғы UNIC-EF Балалар қоры мен FIFA арасындағы келісімге сәйкес, бұл күн 19 маусымда аталып келеді.

Жамбыл өңірінде балалар футболын дамыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп, қолдау жасалуда. Толайым тірліктер атқарылып, спорттық шаралар жыл бойы жалғасып жатыр. Соның арқасында осы өңірімізден көптеген талантты футболшылар өсіп шығуда. Олардың ойындарына  Қазақстан біріншіліктерінде ғана емес, шетелдің футбол лигаларында да жоғары баға береліп жатқанын көріп отырмыз. Ұлттық құраманың қатарында да жерлестеріміз жетерлік.

«Тараз» футбол клубында тәрбиеленіп жатқан балалар да республикалық, халықаралық турнирлерде жақсы нәтижелер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, балалар футболын дамыту үшін қолдау арта беретін болады.

Құрметті, жас достар!

Футболда әрбір баланың үлгі ететін сүйікті ойыншысы болады. Келешекте әлемнің балаларына кумир болатын өз елімізден таланттар шығатынына сенемін. Олар өздеріңнің араларыңда!

Құрметпен, Талғат Тұрлыбайұлы

«Тараз» Кәсіпқой футбол клубының директоры


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

05/03/2021 | Көргендер саны:5 | ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫ

«ТАРАЗ» ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Тараз бен Шымкент қалаларында жаңа маусым алдында жасөспірімдер арасында өткен турнирдің алғашқы кезеңі аяқталды. Дәстүрлі «Арман» аталатын доп додасы 2003 жылы дүниеге келген балалар арасында болды. «Жастар» стадионында жалғасын тапқан атаулы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан дерлік 19 команда қатысып, бақ сынады. Жамбылдық жасөспірімдер өз тобындағы екі кездесуде де сенімді түрде...

05/03/2021 | Көргендер саны:6 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«ТАРАЗ» 14 наурызда «ҚАЙСАРМЕН» кездеседі

Жуырда 2021 жылғы футбол маусымындағы Қазақстан Премьер лигасы мен кубоктық кездесулерінің күнтізбесі жарияланған болатын. Соған сәйкес, «ТАРАЗ» алғашқы турдағы матчты 14 наурыз күні сырт алаңда қызылордалық «ҚАЙСАРҒА» қарсы өткізеді. Ал өз алаңындағы кездесу 19 наурызға тура келеді. Петропавл қаласының «ҚЫЗЫЛЖАР» командасымен жасыл алаңда жолығады. Бұл матч Орталық стадионда өтеді деп...

05/03/2021 | Көргендер саны:5 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ТӘЖІКСТАН ЧЕМПИОНЫ «ТАРАЗБЕН» ТЕҢ ТҮСТІ

Оқу-жаттығу жиындары барысында «Тараз» кезекті рет жолдастық матч өткізді. Бұл жолы Азия чемпиондар лигасы матчтарына дайындалып жатқан Тәжікстан чемпионатының жеңімпазы Душанбе қаласының «Истиклол» командасымен кездесті. Матчтың бірінші таймында іс жүзінде байқап көру үшін «Тараз» жастарды алаңға шығарды. Ойын басында қарсылас команда қорғаныстағы қателікті қалт жібермей есеп ашты. Жамбылдықтар жылдам ес жиып...

05/03/2021 | Көргендер саны:10 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«ТАРАЗ» ЖЕРГІЛІКТІ ЖАСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары барысында «Тараз» клуб құрылымына қарасты футбол орталығы менр «Тараз-2» жастар командасының бірқатар ойыншыларымен келісім-шарт жасады. Атап айтқанда, Еркебұлан Тойбеков, Жалғас Жақсылықов, Айбек Өксікбаев, Ерсұлтан Қалдыбеков, Елисей Горшунов және Станислав Щербаков негізгі құрамның жейдесінде өнер көрсетпек. Клуб жетекшісі Талғат Тұрлыбайұлы жоғарыда аталған ойыншылардың бұл кәсіби тұрғыдағы тұңғыш келісім шарттары...

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2021 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"