«ТАРАЗ» 14 наурызда «ҚАЙСАРМЕН» кездеседі
Жуырда 2021 жылғы футбол маусымындағы Қазақстан Премьер лигасы мен кубоктық кездесулерінің күнтізбесі жарияланған болатын. Соған сәйкес, «ТАРАЗ» алғашқы турдағы матчты 14 наурыз күні сырт алаңда қызылордалық «ҚАЙСАРҒА» қарсы өткізеді. Ал өз алаңындағы кездесу 19 наурызға тура келеді. Петропавл қаласының «ҚЫЗЫЛЖАР» командасымен жасыл алаңда жолығады.
Бұл матч Орталық стадионда өтеді деп жоспарлануда. Қосылқы алаң ретінде «Жастар» стадионы таңдалған. Ойындар кестесінің толық нұсқасы клубтың ресми сайтында жарияланады.