КЛУБ ТАРИХЫ

ТАРАЗДА ФУТБОЛДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 

1921 жыл. Бұл Таразда ресми түрде футболдың пайда болған күні болып есептеледі. Футболдан қаланың алғашқы чемпионаты 1936 жылы ұйымдастырылған. Сол кезде қаланың алғашқы чемпиондары «Локоматив» командасы болды. Ал, 1946 жылы «Локоматив» командасы бірінші рет Қазақстанның чемпоны атанды. 1948 жылы Қазақ АССР-нің чемпионатында Тараздық «Локоматив» командасы жүлделі үшінші орыннан көрінде. Ол кездерде командада мына футболшылар ойнады. Евгений Ротт, Сергей Египко, Николай Щеголь, Николай Ильин, Александр Мозговой, Василий Ткаченко, Евгений Байтазов, Тимофей Магай, Евсей Уршанский, Василий Гончарев, Эльвир Петров, Юрий Власов, Филипп Бурмистров және Грушко. 

 

ҚАЛАЛЫҚ КОМАНДАНЫҢ БІРІНШІ ЖЕТІСТІКТЕРІ 

1948 жылы Тараз қалалық «Динамо» командасы Қазақстан кубогінің финалына шықты. Ал, 1949 жылы «Динамо» Қазақстан чемпионатында үшінші орыннан көрінді. Осы жылы да Қазақстан кубогы жолындағы ойындарда ¼ финалға дейін жетті. 1950 жылы «Динамо» командасы ел біріншілігінде қола медальға қол жеткізіп, Қазақстан кубогын жеңіп алды. Финалға Алматы қалалық ұжымдық денешынықтыру командасымен шығып, 3:1 есебімен Тараздықтар жеңіске жектен еді. Гол соққандар: Уршанский, Козмиди, Гончаров. Ал «Динамо» командасының сапында сол кезде Евгений Ротт, Василий Такченко,  Николай Щёголь, Александр Мозговой, Василий Гончаров, Сава Велисариди, Евсей Уршанский, Константин Козмиди, Николай Ермаков, Фёдор Гриценко, Рахмон Келесов, Владимир Сущенко, Александр Колесихин, Павел Оргиропуло сынды ойыншылар өнер көрсетті. 1952 жылдан бастап «Динамо» командасының құрамы басқа да футболшыларды алумен күшейе бастады. Осының арқасында «Динамо» клубы Қазақ АССР-і чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ел кубогын да жеңіп алды. 

 

ҚАЛАНЫҢ ҮЗДІК КОМАНДАЛАРЫ 

1950 жылдардың соңына қарай Тараз қаласының біріншілігінде: аға бапкер Роттың жетекшілігімен «Металлист» командасы, Сердюковтың бапкерлігімен «Динамо» командасы үздік футбол ұжымдары болды. 1958 жылғы Қазақ АССР-нің чемпионатында «Динамо» төртінші орын алса, Қазақстан кубогы ойындарының финалына шықты. 1959 жылы чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.   

 

ШЕБЕРЛЕР КОМАНДАСЫ 

1960 жылы Қазақстан чемпионатында «Металлист» командасы күміс жүлдені қанағат тұтты. Осындай нәтижелі ойыны үшін Тараздық командалар 1961 жылы Б –санатындағы командалар ішінде КСРО чемпионатында өнер көрсету құқына ие болды. Бұл сол тұстағы үлкен жетістік еді. «Металлист» шеберлер командасы екі футбол клубының ойыншыларынан құрылды. Сол кездегі «Металлист» командасының алғашқы ойыншылары: Анатолий Башкатов, Виктор Новоторжин, Равиль Хуснутдинов, Юрий Федосеев, Акзам Ташметов, Анатолий Булыбин, Валерий Скулков, Владимир Коркин, Владимир Малоштанов, В.Буйчак, Григорий Цирюльник, Виктор Хлопов, Владимир Воробьев, Кирилл Ткаченко, Михаил Исаев, Борис Толпегин, Л.Дмитрюк, Николай Муратов, Николай Ченколиди, Алибек Алиев, Юрий Буйлов, Лионид Решетко, Стилиан Мазманиди, Евгений Пономарёв, Юрий Тимошенко, Т.Мынбаев болды. Бас бапкер Евгений Ротт болса, баскер Николай Щеголь болды. Команда әкімшісі болып Юрий Герасимович бекітілген еді. Алайда, мұндай ірі футбол бәсекесіне алғаш рет шыққан «Металлист» командасы КСРО чемпионатында 13 орыннан көрінді. 1965 жылы аға бапкер Зенкиннің басшылығымен «Металлист» командасы Баку қаласында өткен одақтас республикалар арасындағы жарыста төртінші орыннан көрінді. Сол кезде команданың ең үздік сұрмергені Абрютин болды. Ол бір маусымда 20 гол соққан болатын. Ал, финалдық ойында екі гол соғып көзге түсті. Осы ойыннан кейін аға бапкер Зенкинге «Қазақ АССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы» берілді. 

 1969-1970 

1969 жылы Жамбылдық «Энергетик» командасы төртінші орыннан көрініп, өзінің аймағында Қазақстан кубогын жеңіп алды. Яғни, Б- тобында жеңіске жеткен барлық ойыншыларға «КСРО –ның спорт шеберіне кандидат» атағы берілді. Сол тұста команданы аға жаттықтырушы Свешников пен Чепкасов жаттықтырды. «Энергетик» командасының ең үздік сұрмергені атақты Сейітжан Байшақов болды. Ол команда сапында 23 гол соғып, көзге түскен болатын. 

  

«АЛАТАУ» 

1971 жылы біздің командаға «Б» сыныбында үздік өнер көрсеткені үшін екінші лиганың «А» сыныбында өнер көрсетуге мүмкіндік берілді. 1971 жылы «Алатау» деп аталатын Әулиеаталық команда екінші лиганың білікті футбол ұжымдарымен болған қиын ойында күміс медальдің иегері атанды. Осы жетістікі үшін аға бапкер Остроушко «Қазақ  АССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алды. Оған команданың басшысы Буркетбаев пен бапкер Курумбаев жан жақты көмектесті. 1973 жылы «Алатау» командасы өз аймағында екінші орын алды. Ол тек чемпион командаға доп айырмасымен ғана жол бергендігін айта кетуіміз керек. Команданың басшысы Щеголь болса, аға жаттықтырушы Кузнецов, бапкер - Курумбаев болды. 

 

 «Химик» 

1986 жылғы аймақ аралық біріншіліктің күміс жүлдегері Жамбылдық «Химик» командасы болды. Оған сол тұста алғаш рет Бердыев пен Талгаев сынды білікті әрі жас бапкерлер басқарды. 1982 – 1984 жылдары команда үшінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, командамен аға бапкер Полянский, команда басшысы Катков, жаттықтырушы Хван жұмыс істеді. Ал, 1987 жылы «Химик» командасы құрам жетекшісі Брестердің басшылығымен қола медальдің иегері атанды. Сол тұста бұл команданың өркендеуіне Лигерсу, Бердыев пен Талгаев сынды азаматтардың көмектескендігін айта кету керек. Ал, екінші лигада команда үшін ең сәтсіз болып есептелген 1976 және 1979 жылдар болды. Ол кезде бірде 13, бірде 19 орынды алып жүрдік. 1990 жылы  Ресей, Өзбекстан, Түркмения, Қырғызстан мен Қазақстан командалары арасында буферлік лига ұйымдастырылды. Бұл лигада Жамбылдық команданы атақты Талгаев алға сүйреді. Нәтижесінде 24 команданың ішінде Тараздықтар алтыншы орыннан көрінді.  

 

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ 

1992 жылы Тараздық команда Қазақстанның ұлттық біріншілігіне қатысады. 1992 жылы бас бапкер Талгаевтың жетекшілігімен Жамбылдық «Фосфор» командасы, Хванның жетекшілігімен 1993 жылы «Тараз» командасы Қазақстан кубогының финалына шықты. Ал, 1994 жылы «Тараз» командасы Азия кубогы жолындағы ойындарға да қатысып, Азия құрлығының ең үздік деген сегіз командасының қатарына қосылды. Сол тұста команданы Марьянков, Хван, Бельский секілді азаматтар жаттықтырды. 1995 -1997 жылдары «Тараз» футбол командасы тәуелсіз Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал, көпке белгілі 1996 жылы Қазақстан чемпионы болды. Осы жетістігі үшін команданың бас бапкері Ваит Талгаев «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алды. Басқа спортшыларға да спорт шебері деген атақтар берілді. 1997 жылы Тараздықтар Мәскеу қаласында өткен достастық кубогы мен Азия елдерінің кубогы жолындағы жарыстарға қатысады. Ал, осыдан кейінгі кезеңде «Тараз» командасы ұзақ уақыт алдыңғы орындардан көріне алмай келді. Ол командадағы ойыншылардың тұрақсыздығы, қаржы мәселесі мен бапкерлердің жиі ауысына байланысты болды. Тіпті, «Тараз» командасы 2001-2007 жылдары Қазақстан премьер- лигасынан шығып та қалды. Алайда, 2004 жылы бас бапкер Коньковтың басшылығымен «Тараз» командасының Қазақстан кубогын жеңіп алғандығын мақтанышпен айтуға болады. Осы жеңістен кейін 16 ойыншыға Қазақстанның спор шебері атағы берілді. Тараз футболының түлегі Олег Литвиненко Қазақстанның ең үздік сұрмергені атанды. Ол ел чемпионаттарында 208 гол соқты. Одан кейінгі орынға Нүркен Мазбаев жайғасты. Ол Қазастан чемпионаттарында 142 гол соққан. Осы секілді 131 гол ұрған Мұрат Тілешовты да айтуға болады. Сонымен қатар, КСРО құрамында жерлестеріміз Сейілда Байшақов, Яровенко, олимпиадалық КСРО құрама командасында Ваит Талгаев, Антон Шох пен Вахид Масудов өнер көрсетті.  

«Тараз» футбол клубы 1960 жылы құрылған. Сол жылдан бері ел чемпионаттарында өнер көрсетіп келеді.  

 

«ТАРАЗ» КОМАНДАСЫ КУБОКТЫҚ ОЙЫНДАРДА  

«Динамо» 

Бірінші рет Қазақстан кубогы жолындағы жарыстарда «Динамо» футбол клубының даңқы шықты. Ол 1948 жыл болатын. Бұл команданың басы қасында болып, оны құрған Евсей Уршанский болды. Ол тек команданы құрып қана қоймай, оның ойыншысы әрі капитаны да болды. Сол жылы Динамолықтар жартылай финалда Алматылық «Еңбек резервтері» командасын 3:1 есебімен жеңіп, Жамбылдықтар финалда Қарағандылық «Динамо» командасына 4:1 есебімен есе жіберді. Ал, 1950 жылы «Динамо» командасы Қазақ АССР-нің кубоктық чемпионатында денешынықтыру ұжымдық командалары арасында жартылай финалға дейін жетіп, Шымкенттік «Металлург» командасын жеңіген болатын. Есеп 4:1. Сол матчта гол соғып көзге түскендер Е.Уршанский, С.Велисариди, К.Козмиди болды. Ал, ақтық ойында біздің команда Алматы командасын 3:1 есебімен жеңіп кетті. Гол авторлары:  Е.Уршанский, К.Козмиди, В.Гончаров  болған  еді.  Динамо»  командасы  үшін  сол  матчта  тер  төккен ойыншылар: Е.Ротт,  В.Ткаченко, Н.Щёголь,  А.Мозговой,  В.Гончаров,  С.Велисариди,  Е.Уршанский,  К.Козмиди,  Н.Ермаков, Ф.Гриценко, Р.Келесов, С.Колесихин, В.Сущнко,  П.Аргиропуло  болатын. Осы жылдың 3 қазанында «Динамо» командасы Қазақ АССР-нің Кубок жеңіпмазы ретінде КСРО кубоктық ойындарына қатысты. Бұл ойын «Динамо» алаңда өтті. Бізге қарсылық көрсеткен жоғарғы дивизионда ойнап жүрген Бакулық «Нефтияник» командасы еді. Бұл матч сол кезде алаңға мыңдаған жанкүйерлерді жинады. Бұл ойында бұрыннан тәжірибесі бар «Нефтияник» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: И. Абрамашвили, А.Мамедов және Н.Щёголь болды. 1950 жылы «Динамо» командасы тағы да кубок жеңіп алды. Финалда Жамбылдық команда Балқаш қаласынан келген «Цветмет» командасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Бір қызығы бұл ойында бес голды да Эльвир Петров салды. 1958 жылы «Динамо» командасы бапкер Сердюковтың басшылығымен жартылай финалда Сарань қаласынан келген «Шахтер» командасын ұтып, финалда Тараздықтар Павлодар қаласынан келген «Стройтель» командасымен кездесті. Қорытынды есеп 3:2.  

 

«Тепловозник» 

1967 жылы Жамбылдық «Тепловозник» командасы Қазақ АССР-нің дененшынықтыру ұжымдары қатысқан кубоктық ойындарында Өскемендік «Алтай» ды 2:1 есебімен жеңіп кетті. Ал, ақтық сында жерлестеріміз «Авангард» командасымен жолықты. Ол ойын Алматы қаласында өтті. Бұл кездесуде жерлестеріміз 4:0 есебімен жеңіске жетті. «Тепловозник» командасы үшін Ф.Шарафутдинов, А.Ахатов, А.Сундеев, Б.Николенко, Ю.Бочкарев, Акулов, С.Горбанев өнер көрсетті. Ойынның бапкері  Г.Маслов болды. Қазақстан кубогын жеңіп алғандары үшін спортышларға КСРО спорт шебері деген атақ берілді. Кубок жеңімпазы ретінде «Тепловозник» КСРО Кубоктық чемпионатына қатысты. Біздің ұжымның қарсыласы сол кезде Кирово- Чипетск қаласынан келген «Олимпия» командасы болды. Ойын сырт алаңда өтті. Онда «Тепловозник» 1:0 есебімен жеңіліп қалды.  

 

«Автомобилист» 

1973 -1978 жылдары Қазақ АССР-нің кубоктық ойындарында Жамбылдық «Автомобилист» командасы өнер көрсетті. Ол денешынықтыру ұжымдары арасындағы жарыстар болатын. Мәселен: «Автомобилист» командасы жартылай финалда Теміртаулық «Болат» пен Шевченко қаласынан келген «Труд» командаларына жол берсе, 1980 жылы Жамбылдық «Автомобилист» командасы өндірістік командалар арасында Қазақстан кубогын жеңіп алды. Осының арқасында КСРО кубоктық жарыстарына қатысуға да мүмкіндік алды. Бұл бәсекеде Жамбылдық команда ел намысын абыроймен қорғады. Тек, ақтық ойындарда Әзірбайжандық «Хазар», Украиндық «Автомобилист», Эстондық «Нарва» секілді командаларға айтарлықтай қарсылық көрсетті. «Нарва» мен болған жартылайфиналдық ойында 1:0 есебі тіркелді. 

 

«Мелиоратор» 

1985 жылы студенттерден құралған «Мелиоратор» командасы денешынықтыру ұжымдары арасындағы кубоктық ойындарға қатысып, ақтық сында Талдықорғандық «Жетісу» командасына ғана жол берді. Есеп 4:1 және 3:3. 1987 жылы «Мелиоратор» денешынықтыру ұжымдары арасындағы Қазақстан кубогының финалына дейін шықты. Ол бұл жолда Павлодарлық «Алюминщик» командасын жеңген болатын. Ойын Алматы қаласында өтті. 1988 жылы Тараз қалалық аяқ киім мен тері бірлестігінің «Кожевник» командасы Қазақстан кубоктық ойындарында ¼ финалға шықты. Онда жерлестеріміз Никольск қаласынан келген «Горьняк» командасынан жеңілді. Алайда, Никольск қаласында өткен кубоктық ойында «Кожевник» командасы Целиноградтық «Локоматив» командасын жеңіп, финалда жергілікті «Горьнякқа» жеңілді. Есеп 1:0. Екі футбол ұжымы да кейін КСРО кубоктық кездесуіне қатысты. 1990 жылы Жамбылдық «Мелиоратор» командасы екінші рет Қазақ АССР-нің кубогын жеңіп алды. Біздің команда финалда 4:0 есебімен Шавченколық «Труд» командасын жеңіген болатын.  

Обзоры матчей

Голы ФК "Тараз"

Видео

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"