ФУТБОЛДАН 2008 ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТІП ЖАТЫР

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 90

Фото Тараза Жамбыла.

Фото Тараза Жамбыла.Фото Тараза Жамбыла.

Футболдан 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Тараз қаласының ашық біріншілігі басталды. Оның негізгі мақсаты, Жамбыл жерінде балалар футболын дамыту болып табылады. Тараз қаласындағы «Ақбұлақ» шағын ауданындағы футбол алаңқайларының бірінде ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатына өңірімізге белгілі спорт саласының мамандары Жұмахан Нұғыманов пен Елтай Әдірахманов та қатысты. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық футбол федерациясы тарапынан осы азаматтар балалар футболын дамытуға ерекше ат салысып жүргендігін айта кету керек. Салтанатты ашылу рәсіміне Тараз қалалық спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк пен өзге де қонақтар қатысты. Бұл жарыс екі айналым жүйесінде алдағы күз маусымына дейін созылады. Оған «Монтажник», «Ақбастау», «Ұлан», «Тараз» секілді жасөспірімдер командасының жас футболшылары қатыуда. Біз қазақ футболын биікке көтеру үшін ең біріншік кезекте балалар футболын дамытуымыз керек деді облыстық футбол федерациясының өкілдері. Оған қажетті инфроқұрылым мәселесі қазір шешіліп жатыр.

 

1998- ЖЫЛЫ ТУҒАН ТАРАЗДЫҢ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ.

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 288

1998- ЖЫЛЫ ТУҒАН ТАРАЗДЫҢ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРЫ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Алматы қаласында аяқталған футбол орталықтары мен академиялары арасындағы Қазақстан чемпионатында Тараздың 1998- жылы туған жастары финалға шыққандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз. Жексенбі күні өткен сол финалдық ойында Жамбылдық жас футболшылар екінші орын алып, күміс медальға қол жеткізді. Ол финалда "Ордабасы" командасымен ойнаған болатын. Қорытынды есеп 4:3. Алайда, "Қайрат", "Шахтер" командаларын айқын басымдықпен жеңіп финалға шыққан жерлестеріміздің биылғы ойынына көңіліміз толады дейді мамандар. Сонымен қатар Тараз ойыншысы Бақтияр Зайнуддинов чемпионаттың ең үздік ойыншысы болса, Артур Шушеначев ең үздік шабуылшы болып танылды.

ТАРАЗДА 2002- ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛ

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 348

 ТАРАЗДА 2002- ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТІП ЖАТЫР

 

 

 

Кеше Тараз қаласындағы орталық стадионда футболдан 2002- жылы туылған жасөспірімдер арасында 5-ші және 8- ші орындар үшін премьер- лиганың дайындық топтары арасындағы ойындары өтті. Бұл бәсеке, бұрынғыдай «Жастар» стадионында емес, Тараз қаласының негізгі орталық стадионында өткендігін айта кету керек. Демек, «Тараз» футбол клубының басшылығы бұндай ойындарды да ерекше қолдап отыр. Енді өткен ойындардың нәтижесі: «Тараз» командасы «Тобылды» 3:0 есебімен тас талқан етіп ұтса, «Астана» командасының жастары «Шахтерді» 3:2- есебімен жеңіп кетті. Премьер- лиганың дайындық топтары арасындағы ойындар әлі де жалғасады.

ТАРАЗДА ФУТБОЛДАН 2001- ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 341

ТАРАЗДА ФУТБОЛДАН 2001- ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

 

 

Тараз қаласындағы "Жастар" стадионында футболдан 2001 -жылы туылған жасөспірімдер арасында премьер-лиганың 9-13- орындарына үміткер командалар арасында республикалық турнир өтіп жатыр. Ол күні кеше басталып, қыркүйек айының 10- шы жұлдызына дейін созылады. Жасөспірім командалар арасында Ақтаудан келген "Кәспий", "Атырау", Талдықорғандық "Жетісу", Солтүстік Қазақстаннан келген "Қызылжар", жергілікті "Тараз" секілді балалар футбол командалары бар. Жарыстың қорытындысы алдағы күндері белгілі болады. "Тараз" футбол орталығының жасөспірімдер командалары бүгінгі таңда 7- топпен өнер көрсетіп жүргендігін айта кетуіміз керек.

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 362

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Қазақстан футбол федерациясының вице- президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, атақты жерлесіміз Сейілда Байшақовтың жүлдесі жолындағы жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы турнирге еліміздің әр өңірінен келген 11- команда қатысты. Олар 2005-2006 жылы туылған жастар. Бір аптаға созылған жарыстың негізгі мақсаты жастарға футбол саласының белгілі тұлғаларын паш ету, Жамбыл жерінде жасөспірімдер арасындағы футбол спортын дамыту болып табылады. Турнирдің қорытындысы бойынша 2005- жылы туылған балалар арасында 1- орынды Қызылорда қаласының футбол мектебі алса, 2006- жылы туылған балалар арасында 1- орынды "Тараз -1" командасы жеңіп алды. Жарыстың марапаттау рәсімінде сөз алған Сейілда Икрамұлы жас жеткіншектерге сәттілік тілеп, олардың да үлкен футболшы болатындықтарына сенім білдірді. Және өз қолымен марапаттады.

"ТАРАЗДА" БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН" ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 404

"ТАРАЗДА" БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН" ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Күні кеше басталған футболдан 2007- жылы туылған жастар арасындағы Бауыржан Исламхан жүлдесі жолындағы жарыс мәресіне жетті. Бүгін сол бәсекеде топ жарған командаларды марапаттау рәсімі өтіп, турнир ресми түрде жабық деп жарияланды. Сонымен бірінші орынды Алматыдан келген "Қайрат" 1 командасы, Екінші орынды "Тараз"1 командасы, ал үшінші орынды "Қайрат 2008" командасы жөңіп алды. Төртінші орынға Талдықорғаннан келген "Жетісу" командасы тұрақтады. Турнирдің марапаттау рәсімінде сөз алған спорт саласының белгілі тұлғалары Қанат Шертаев, Жұмахан Нұғыманов пен Бақыт Сарыбаевтар балаларға сәттілік тіледі. Орын алған барлық команда мүшелеріне арнайы кубоктар, медальдар, доптар мен түрлі бағалы заттар табысталды. Турнирдің үздік ойыншыларына Бауыржан Исламхан деген жазуы бар футболкалар берілді.

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАХЫТ АСҚАРҰЛЫ САРЫБАЕВПЕН «ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ» ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ СҰХБАТ

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 394

  «ТАРАЗ» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАХЫТ АСҚАРҰЛЫ САРЫБАЕВПЕН «ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ» ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ СҰХБАТ

 

Құрметті Бахыт Асқарұлы, «Тараз» футбол орталығының негізгі жұмысы жөнінде не айтасыз?

Жалпы, біздің футбол орталығының негізі 2009 жылы қаланғанымен, 2012 жылдан бастап толық қанды жұмыс істей бастадық. Қазіргі таңда құдайға шүкір, бізде түрлі жастағы 450- бала тәрбиеленеді. Олар мұнда 6-7 жастан бастап қабылданады. Құрамымызда 15- жаттықтырушымыз бар. Отыратын жеріміз «Жастар» стадионының базасында. Біздегі ең үлкен топ 1998 жылы туылған басалар болса, ең кішілері 2004- жылғы жасөспірімдер.

Құрамдарыңызда қанша команда бар және қандай жетістіктеріңізді айта аласыз?

Бізде 7- жас ерекшелігі бойынша, 7- команда жасақталған. Олар жастар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі жарыстарда жүлдемен оралып жүргендігін мақтанышпен айта аламын. Биылғы жылғы чемпионат әлі аяқталмағанымен, біздің командалар қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп, бәсекенің ақтық сындарына дейін жолдама алды. Біздің орталықтың негізгі мақсаты «Тараз» командасының қосалқы құрамына резерв дайындау. Сондай-ақ қазіргі уақытта «Тараз» командасы сапындағы Абзал Таубай, Әлішер Сүлей сынды футболшылар біздің түлектеріміз. Ал, дубльде ойнап жүрген қазіргі ойыншылардың барлығы біздің орталықтың балалары. Өткен жылы білесіздер Тараздың дубльерлары бірінші орын алды. Биыл да олардан үміт зор.

Жыл сайын қандай да бір турнирлер, іс-шаралар өткізіп отырасыздар ма?

Әрине, ол дәстүрлі түрде өтеді. Жыл сайын түрлі республикалық турнирлерге қатысамыз және өзіміз де ұйымдастырып отырамыз. Мәселен: биылғы жылы «Қазфосфат» кубогы үшін, Жапар Сауырғалиевке арналған турнирді сәтті өткіздік. Қазір өздеріңіз білесіздер Бауыржан Исламханның жүлдесі жолындағы жарыстар жүріп жатыр. Бұның барлығы да Жамбыл футболының дамуы үшін, болашақ балалардан бастау үшін өткізіліп отырған шаралар.

Сіздердің қандай да бір іс –шаралар, жарыстар өткізу үшін демеушілеріңіз барма? Әлде барлық ойындар мемлекет есебінен қаржыландырылады ма?

Сұрағыңыз орынды. Бұны айтпай кетпеске болмас. Мәселен: жаңағы «Казфосфат» кубогы жолындағы жарысты өткізуге компания директоры Мұқаш Ескендіровтың демеушілік жасағандығын айта кету керек. Сондай-ақ «Шолақтау» кен орнының басшысы Мұратқали Сәрсеновке де алғысымыз шексіз. Ал, ТИГУ-ректоры Ерболат Саурықов пен «Дантист» ЖШС-нің басшысы Шухрат Юнусовтың арқасында біздің 20-бала биыл Ақмола облысындағы Зеренді жеріне барып демалып келді. Балалар үшін барын беріп отырған бұл азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ.

Бүгінгі таңда футбол орталықтарында қандай да бір проблемалы мәселелер барма?

Енді мен үлкен проблема деп айтпас едім. Бірақ, болашақта шешуге тиісті мәселелер жоқ емес деп ойлаймын. Өйткені, кейде футбол алаңдарының жоқтығынан қиналамыз, жаттығу залдары да көп керек. Ең бастысы аудандарда филиалдарымыз ашылса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі нағыз талантты балалар ауылдардан шығып жатыр. Мұнда отырып алып, біз оны көрмеуіміз мүмкін. Егер осындай өзекті мәселелер дұрыс шешілсе Жамбыл жері әлі талай жастарды дүниеге әкеледі деп сенемін. Әңгімеңізге рахмет.

Первый блин не комом

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 6843

Таразские мальчишки впервые в истории футбольного центра побывали на международном турнире, и провели его на мажорной ноте

Дети на международном турнире

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 4628
Сегодня начинается международный турнир «Кубок Анталии», в котором принимает участие команда таразского футбольного центра, составленная из игроков 2002 года рождения

Тараз чемпион!

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 6402

В Таразе, на стадионе «Монтажник»  с 4 по 8 января прошел турнир на приз Президента АО «Казхиммонтажхолдинг» С.М. Айтышева,  по четырем возрастам. В турнире принимали участия юноши 1999, 2000, 2001, 2002 и 2003 годов рождения. Дети 2002 и 2003 годов рождения объединены в одну возрастную группу. Турнир проходил по круговой системе.

ТАРАЗСКИЕ ЮНИОРЫ ВТОРЫЕ

  • Category: Новости ФЦ "Тараз"
  • Hits: 3209

В Таразе прошло первенство среди молодёжных команд клубов Пермьер-Лиги и Первой Лиги 1994 г.р., где клуб из одноименного города занял второе место